Ресейдің Атыраумен шекаралас Астрахань облысында салмағы 78 келі қарбыз өсірілді

АТЫРАУ. KAZINFORM – Ресей Фдерациясының Атырау облысымен шекаралас Астрахань өңірінде салмағы 78 келі тартатын алып қарбыз өсірілді.

Фото: КаспийИнфо

Астрахань облысы губернаторы баспасөз қызметінің мәліметінше, алып қарбыз Камил Мамедов өзі жетекшілік ететін шаруашылықта өсірген. Шаруагер Енотаев ауданында тұрады. 

«Астрахань облысында өткен агрофестивальге 200-ден астам шаруашылық қатысып, қарбыз, қауын секілді бақша дақылдарын, өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін көріп, дәм татуға 12 мың адам келді. Қазылар алқасы 6 номинациямен ең дәмді, ең сапалы қарбыз бен қауын өсірушілерді анықтады. Биыл Енотаев ауданында тұратын Камил Мамедов өзінің шаруашылығында ең алып қарбызды өсіріп шығарды. «Каролина кросс» сортты қарбыздың салмағы – 78 келі», - деп хабарлады губернатордың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында африкалық жайынның шабағы өсіріліп жатқанын хабарлаған едік.