Аймақтық ТЖМ мәліметінше, оқиға орнына арнайы өрт-сөндіру және құтқару бөлімшесінің күштері мен пилотсыз ұшу аппараттары бар жұмыс тобы жіберілді.
Округ әкімшілігі су екі шағын ауданға жайылғанын, құтқарушылардың оқиға орнында жұмыс істеп жатқанын хабарлады.
Куәгерлердің айтуынша, М-5 «Аша – Миньяр» тас жолының айналма бөлігі толықтай жабылған.
Ашаның солтүстігінде, Сим өзенінде мұз жүруі кезінде кептеліс пайда болып, қаланың солтүстік-шығысында орналасқан Чапаевский және Козинский ауылдарын су басты. Аша – Миньяр бағытындағы аймақтық маңызы бар жолға жалғасатын көше су астында қалды.
Су басқан аудандарда үй-үйді аралау жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарды эвакуациялауға дайындық жүргізіліп жатыр, уақытша орналастыру пункті әзірленді. Зардап шеккендер туралы мәліметтер әзірге жоқ.
Қазіргі уақытта өзендегі су деңгейі тұрақтанғаны хабарланды.
Еске сала кетейік, бұған дейін су тасқыны Челябі облысының оңтүстігіндегі тұрғын үйлерге әсер еткен болатын. Кейбір елді мекендерде де уақытша орналастыру орындары ашылған.
Бұған дейін Қазақстан мен Ресей трансшекаралық өзендер бойынша тасқын судың алдын алу мақсатында күнделікті ақпарат алмасуды бастағаны хабарланған еді.