Роспотребнадзор Сібір және Қиыр Шығыстың Иркутск обаға қарсы күрес институтының қызметкеріне шығу төркіні белгісіз пневмония диагнозы қойылғаннан кейін арнайы шаралар кешенін қабылдады. Ауқымды тексеру нәтижесінде науқастан алынған материалдан оның кәсіби қызметіне байланысты микроорганизмдер анықталмаған.
— Сібір және Қиыр Шығыстың Иркутск обаға қарсы күрес институтында биологиялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау комиссиясының нәтижелері бойынша патогенді микроорганизмдермен жұмыс істеуге байланысты ешқандай төтенше жағдайлар анықталған жоқ. Роспотребнадзор басшысының нұсқауы бойынша институтқа жіберілген сараптамалық комиссия нәтижелерді растады, — делінген мәлімдемеде.
Роспотребнадзор сонымен қатар «соңғы 10 күнде институт қызметкерлері арасында жұқпалы аурулар туралы шағымдар тіркелмегенін» мәлімдеді.
2 қазанда Иркутск обаға қарсы институтында 28 жастағы зертханашының қайтыс болғаны туралы хабарланды. Өлімнің себебі ресми түрде жарияланған жоқ. Осыдан кейін Иркутск облысында «аса қауіпті инфекция» күдігіне байланысты шұғыл комиссия отырысы өтті.
Айта кетейік, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Иркутск облысындағы жағдайды бақылауда ұстап отыр.