Бұл туралы Ресей ғылым академиясының қиыр шығыстағы бөлімінің Telegram каналынан мәлім болды, деп жазады ресейлік ТАСС.
«Жанартаудың күлі шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай 492 км қашықтыққа тарады. Қызыл түсті авиация коды жарияланды. Яғни, вулкан жергілікті және халықаралық әуе тасымалдары үшін қауіпті»,-делінген хабарламада.
Шивелуча жанартауы Камчаткада 18 тамыз күні Каран және Ресей ғылым академиясына 300 жыл мұнараларында атқылады. Жанартаудан шашыраған күл алдын ала мәлімет бойынша теңіз деңгейінен 8 км биіктікке көтерілген.
Шивелуч жанартауының белсенділік таныта бастағанынан 60-70 жыл болған.
Айта кетейік, Шивелуча жанартауы 17 тамызда Тынық мұхиты акваториясында Ресейдің Петропавловск-Камчатка округінен оңтүстік-шығысқа қарай 118 км қашықтықта болған 7,1 магнитудалық жер сілкінісінен кейін басталған.