Кездесу барысында ресейлік команда алғашқы болып есеп ашты. Олардың қатарынан Трой Джозефс 6-минутта мергендік танытса, оған елордалық клубтан Әлихан Әсетов 22-минутта бір шайбамен жауап қайырды.
Ойынның 29-минутында «Лада» сапынан Денис Баранцев жеңіс шайбасын соқты.
Осылайша ресейлік клуб 2:1 есебімен басым түсіп, турнирдің жеңімпазы атанды.
Қазақстандық хоккейшілер финалдық олимпиадалық іріктеу ойындарында Словакияның Братислава қаласында 29 тамыз-1 қыркүйек аралығында Австрия, Венгрия және Словакия құрамаларымен ойнайды.
Айта кетсек, бұдан бұрын 3-орын үшін сайыста «Барыс» қола жүлдегер атанды. Елордалық команда Ресейдің «Амур» командасын овертаймда 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Енді елордалық команда 20-25 тамыз аралығында Ресейдің Омбы қаласында өтетін «Блинов Кубогы» маусымалды турнирінде бақ сынайды. Олар Ресейдің «Локомотив» (Ярославль), «Сибирь» (Новосібір), «Трактор» (Челябі) және «Авангард» (Омбы) ұжымдарына қарсы ойнайды.