Жұма, 5 сәуір күні Омбы облысында көктемгі су тасқынына байланысты төтенше жағдайларға дайындық режимі енгізілді.
Облыс губернаторы Виталий Хоценконың айтуынша, 6 сәуірдегі жағдай бойынша Омбы облысының су басқан аймағында 69 тұрғын үй мен 175 шаруашылық телімі бар. Қазақстанмен шекарадағы жағдай әлі де күрделі– Русско-Полян ауданының Сибирское және Цветочное ауылдарында – 59 үй мен 35 учаске су астында қалды.
Губернатордың тапсырмасымен облыста уақытша орналастыру орталықтары ұйымдастырылып, суды соруға қосымша күш тартылды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Омбы облысы бойынша бас басқармасының хабарлауынша, облыста су тасқыны жағдайы тұрақты. Ертістің мұз жамылғысы жартылай сақталған.
Алайда, соңғы аптадағы метеорологиялық деректерді талдау сәуір айының басынан бастап облыста негізінен оң температура сақталатынын, ауа 3, 7 және 8 сәуірде түнде ғана нөлден төмен салқындағанын көрсетеді. Алдағы аптадағы ауа райы болжамына сәйкес одан әрі біртіндеп жылуы мүмкін.
Метеорологтар су деңгейінің көтерілуін көктемгі қар еруімен, сондай-ақ Қазақстандағы Шүлбі су қоймасынан ағызылған судың көбеюімен байланыстырады.
Омбы облысының Қазақстанмен шекаралас аудандарының тұрғындары Ертістегі су деңгейінің айтарлықтай өскенін атап өтті.
Омбы мен оның маңындағы тұрғындар биліктің ресми есептерінде белгіленбеген бірнеше қала маңындағы елді мекендерді су басқан деп хабарлайды. Олардың қатарында Пушкино, Барсуковка, сондай-ақ Ертістің сол жағалауында орналасқан Омбы қалалық бау-бақша серіктестіктері бар.