Ресейдің Орынбор қаласы маңында Жайық өзеніндегі су деңгейі тәулігіне 16 см-ге көтерілді

Фото: Фото: Ғайсағали Сейтақ

АСТАНА. KAZINFORM – Ресейдің Орынбор маңындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі бір тәулікте 16 см-ге көтеріліп, 872 см-ге жетті, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

Қауіпті белгі – 930 см, деп хабарлады Орынбор қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

«Орынбор гидрометеорологиялық орталығының мәліметінше, 8 сәуір күні сағат 8:00-де (Мәскеу уақытымен 06:00) Орынбор маңындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі 872 см-ге жетті, 7 сәуірде таңертең ол 856 см болды. 930 см қауіпті болып саналады», - делінген хабарламада.