Дауыс беру қорытындысы бойынша «Единая Россия» партиясы 349 мандатқа, КПРФ — 37, ЛДПР — 23, «Новые люди» — 19, «Справедливая Россия» — 17, «Родина» бір мандатқа ие болды. Тағы төрт мандатты өзін-өзі ұсынған кандидаттар алды.
Пайыздық көрсеткіш бойынша «Единая Россия» 58,21%, КПРФ — 13,47%, ЛДПР — 8,88%, «Новые люди» — 7,82%, «Справедливая Россия» — 5,34% дауыс жинады. Бірмандатты округтер бойынша «Единая Россия» 209 мандат алды.
Сайлаушылардың қорытынды белсенділігі 59,8%-ды құрады. Дауыс беруге шамамен 67,4 млн сайлаушы қатысты.
Элла Памфилова жарамсыз бюллетеньдер саны туралы да хабарлады. Ресейдегі сайлау барысында 37 мыңға жуық бюллетень жарамсыз деп танылды. Бұл жалпы бюллетеньдер санының 1,36%-ын құрайды.
Оның айтуынша, мұндай бюллетеньдер Ресейдің 12 өңіріндегі 20 сайлау учаскесінде анықталған. Шетелдегі 333 сайлау учаскесінде 6,9 мыңнан астам бюллетень жарамсыз деп танылды. Бұл дауыс беру жәшіктерінен алынған бюллетеньдердің жалпы санының 2,5%-ынан аз.
Еске салайық, бұған дейін Ресейде Мемлекеттік дума сайлауында үш күндік дауыс беру басталғанын жазғанбыз.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Владимип Путинді Мемлекеттік Дума сайлауының өтуімен құттықтады.