Ресейдің Ростов облысында изоляторда отырғандар екі қызметкерді кепілдікке алды
АСТАНА. KAZINFORM – Ресейдің Ростов облысындағы тергеу иоляторларының бірінде отырған күдіктілер мекеменің екі қызметкерін кепілдікке алды. Бұл туралы Ресейдің Жазаны орындау федералдық қызметі мемлекеттік мекемесінің өңірлік өкілдігі мәлім етті, деп хабарлайды ресейлік ТАСС.
Ресейдің Ростов облысындағы бірінші тергеу изоляторларындағы камералардың бірінде отырғандар қылмыстық атқару жүйесінің екі қызметкерін кепілдікке алды. Оқиға орнында Ростов облысы прокурорының міндетін атқарушы Александр Гацко, Ростов облысы прокурорының орынбасары Сергей Капитонов және қылмыстық жазаның орындалуын қадағалау жөніндегі бөлім бастығының міндетін атқарушы Борис Мостовой жұмыс істеп жатыр.
Мекеме штаттық режимді жұмыс істеп тұр.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жағдай бақылауда, кепілдіктегі адамдарды босату бойынша келіссіздер жүріп жатыр.
Құқық қорғау қызметі өкілдерінің хабарлауынша, қамауда отырғандар пышақпен қаруланған. Алдын ала мәліметтер бойынша, сотталғандардың бірі Жазаны орындау федералдық қызметі мемлекеттік мекемесінің қызметкерінің қолына кісен салған.
«Олар изолятордың ішкі ауласында және оларда резіңке шоқпар мен өртпен күреске арналған балта бар»,-деді дерекөз.
«Олар 6 адам болуы мүмкін. Барлығы террористік акт бойынша айыпталып отырғандар. Кейбірі сотталған, кейбірінің соты әлі жүріп жатыр»,-деді құқық қорғау оганы қызметкерлері.