Ресейдің Түмен облысындағы Есіл өзенінде су деңгейі қауіпті құбылыс белгісіне жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Ресейдің Түмен облысындағы Ильинка ауылы маңындағы Есіл өзеніндегі су деңгейі қауіпті құбылыс болатын көрсеткіштен жоғары болып шықты. Ол 808 см-ге жетті. Бұл туралы аймақ басшылығының Telegram-каналынан хабарлады, деп жазды ТАСС ақпарат агенттігі. 

Фото: Донат Сорокин/ ТАСС

«Қазан ауданына қарасты Ильинка ауылы маңындағы Есіл өзеніндегі су деңгейі бүгін, 16 сәуірде «су тасқыны» қауіпті құбылысының (ҚҚ) критерийіне жетті. Су деңгейі Мәскеу уақытымен сағат 08:00-де 808 см-ден жоғары (ҚҚ деңгейі - 800 см) болды», - делінген хабарламада.

Суы төмен көпірлерді, ауыл шаруашылығы жерлерін су басып, елді мекендер арасындағы жол қатынасының бұзылатыны шамаланып отыр.

Бұған дейін Түмен облысының басшысы Александр Мур өңірде Есіл өзеніндегі су тасқыны болжамы айтарлықтай нашарлағанын, су басқан үйлердің саны қайта қаралатынын хабарлады.

Екі-үш күннен кейін облыстың бірінші елді мекендеріне судың мол көлемі келуі болжанып отыр.