Ресейдің Забайкалье өлкесінде ұшақ апатқа ұшырай жаздап, 10 адам зардап шекті
18:30, 06 Шілде 2025
АСТАНА.KAZINFORM – Бұл туралы ресейлік ТАСС мәлім етті.
Өңірлік Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін 16 минуттан соң «Топограф» аймағына қонды. Жаңартылған мәліметтер бойынша, 10 адам зардап шекті, оның 2-інің жағдайы ауыр.
Шығыс Сібір көлік прокуратурасы оқиғаға қозғалтқыштың ақауы себеп болғанын айтты.
Осыған дейін ресейлік туристер мінген ұшақтың Мальдивте екі рет мұхитқа қонуға мәжбүр болғаны туралы жаздық.
Оқиға 28 маусымда аралдан аралға бағыт алған рейс кезінде болған. Ұшып шыққаннан кейін біраз уақыт өткенде әуе кемесі дауылға тап болып, биіктікті жоғалта бастаған. Ұшқыштар әуелі ұшақты су бетіне қондырып, ұшақ суда бір сағаттан аса уақыт тұрған.