Ресейғарыштың жаңа басшысы болып жақында ғана Қорғаныс министрінің бірінші орынбасарлығынан босаған Владимир Поповкин тағайындалды.
Биыл 65 жасқа толатын Перминов Ресейғарыш басшылығына 2004 жылдың наурызында келген болатын. Перминовтің жұмысынан кететіні туралы әңгіме баспасөзде жиі айтылып жүрді. Бұл әңгіме 2010 жылдың 5 желтоқсанында "Глонасс-М" үш зымыраны қатарынан апатқа ұшырағаннан кейін тіпті өршіп кетті.
2011 жылдың наурызында өзінің жұмыстан босатылатыны туралы сыбыс жайында сұрағанда Перминов былай деді: "Менің басшыларым бар. Менің қай кезде жұмыс ауыстыратынымды солар айтады".