Ресейге 16 тонна контрабандалық жүк алып бара жатқан қазақстандық қолға түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің солтүстігіндегі қазақ-ресей шекарасында орналасқан 'Қайрақ авто' бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды 16 тонна жүк артып «Федоровка (ҚР)-Челябинск (РФ)» бағытында кетіп бара жатқан 'КамАЗ' жүк көлігін ұстады.

Шекаралық тексеру кезінде 37 жастағы отандасымыздың Ресей Федерациясына темір-терсекті алып шығуға қатысты құжаттары жоқ болып шықты. Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.