Ресейге 18 тонна сыра алып бара жатқан адам ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Ресей шекарасынан ірі көлемде контрабандалық сыра өткізбек болған адам қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

СҚО-дағы «Жаңажол авто» өткізу бекетінен сыра өткізбек болған 49 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды. Ол Ресейге «Мерседес» көлігімен бара жатқан. Тексеріс барысында көліктен ешқандай рұқсат құжаты жоқ әр түрлі маркалы 18 тонна сыра табылған.

Осы оқиғаға байланысты СҚО құқық қорғау және басқа да жауапты органдар тексеріс жүргізуде.