Павлодар шекара отрядына қарасты «Шарбақты-авто» өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары елімізден Ресейге 23 тонна мазутты өткізбек болған сол елдің екі азаматын ұстады.
«КамАЗ» автокөлігіне тиелген жүкті аталған азаматтар ілестірме құжаттарсыз шекарадан өткізуге тырысты. Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Қазіргі уақытта мазутқа байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 183-1 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.