Ресейге демографиялық дағдарыстың қаупі төнуде

АСТАНА. 13 қыркүйек. ҚазАқпарат - ХХI ғасырдың алғашқы жиырма жылдығында Ресейде жұмыс қолының жетіспеу қаупі төніп тұр. Бұл туралы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Николай Патрушев мәлім етті деп жазады, «Московский комсомолец».

«Еліміз қазір ең бір демографиялық жағдайдың қиындауы кезеңінде тұр», - деді Патрушев.

«2011 жылмен 2025 жылдың аралығында еңбекке жарамды жастағы халық саны кем дегенде 10 млн адамға азайады деп күтілуде. Сонымен қатар жас немесе ересек жастағы экономикалық белсенділік деңгейінің резерві де, шындығында, жоққа тән. Бұл елімізге «орта класс» деп аталатын жаңғыру міндеттерін орындауға қабілетті жоғары санатты тың жұмыс күштерін тартуға байланысты жаңа шешімдер мен пәрменді іс шаралар қабылдауға итермелейді», - деген Қауіпсіздік хатшысының сөзін "Интерфакс" келтіріп отыр.