Ресейге қару алып өтпекші болған азамат ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Семей» тексеріп өткізу пунктінің «Өбе авто» бөлімшесінде шекарашылар «Субару форестер» автокөлігімен Ресейге қарай өтпек болған 39 жастағы азаматты ұстады.

«Көліктің жүксалғышынан бұранда ұңғылы «Белка» маркалы 5,6х28 калибрлі мылтық пен оның 22 оғы табылды», деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ұсталушының ісі ҚР Қылмыс кодексінің 286 бабымен тіркеліп, Шемонайха аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды.