«Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Корея Халық Демократиялық Республикасының Мемлекеттік істер жөніндегі төрағасы Ким Чен Ын таяу күндері Ресей Федерациясына ресми сапармен барады», - делінген хабарламада.
Бұған дейін Ким Чен Ын Ресейге 2019 жылдың сәуір айында келген. Ол жолы Ресей президенті Владимир Путинмен Владивостокта келіссөз жүргізді.
Бұл мемлекет басшыларының алғашқы кездесуі болды.
Көшбасшылар жеке-жеке де, делегациялардың қатысуымен де әңгімелесті. Келіссөз соңында екі ел басшылары БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
Сонымен қатар, 2023 жылдың шілдесінде Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу Пхеньянға келіп, Ким Чен Ынмен кездесті, оған Путиннің жеке хабарламасы мен сыйлығын берді.