Ресейге заңсыз әкетіп бара жатқан 6 тонна ішімдік тәркіленді

Фото: None
АСТАНА. Қазақспарат - Қазақстан-Ресей шекарасында ірі көлемдегі арақ-шарап өнімдерінің заңсыз тасымалдау анықталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

«Ақтөбе шекара отрядындағы «Жайсаң авто» өткізу нысанының жасақтары 6 тонна спирттік ішімдік өнімдерінің тасымалданбақшы болғандығын анықтады.

Қазақстаннан Ресейге бағыт алған 3 «ГАЗель» ұсталды. Жүк көлікті тексеру кезінде әшкереленді. Әр көліктен тиісті құжаттары мен тауар сертификаттары жоқ 250 қорап алкоголь өнімдері табылды», - делінген хабарламада.