Ресейге жанармай дағдарысы келді

None
АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Алтай өлкесінде өткен демалыс күндерінде автокөлік жанармайын жабдықтауда айтарлықтай кідіріс пайда болды:

жанармай стансаларының жартысы жұмыс істемейді. Жергілікті жанармай одағы кінәні аймақтың нарығында басымдық танытып жүрген «Роснефть» пен «Газпромнефтьке» тағып отыр, деп жазады Кolesa.ru.

Бензиннің жетіспеушілігі сенбі күні байқала бастады, ал кеше нағыз дағдарыс орын алды. ЖҚС-терде үлкен кезек пайда болып, сатушылар жанармайды сатуға шектеулер енгізді.

Барнауылда «Газпромнефть» компаниясының өкілі РИА-ға хабарлағандай, «Алтай өлкесінде жанармай стансаларында қордың азаюына орай, ЖҚС-тың тоқтаусыз жұмыс істеуіне бірыңғай шектеу енгізіледі». Дереккөз агенттікке «жағдай толығымен анық емес, мұнай қызметі нарығында нақты не болғаны әлі белгісіз», деді