Ресейлік ақшалы алпауыт аты әлемге жайылған грек аралын сатып алды

АСТАНА. 12 сәуір. ҚазАқпарат - Грекияда соңғы онжылдықтар ішінде грек миллиардері Аристотель Онассистің отбасына тиесілі болған жеке Скорпиос аралы 153 млн. АҚШ долларына ресейлік ақшалы алпауытқа сатылды.

Онассис аралды 1962 жылы небәрі 15 мың АҚШ долларына алған еді. Оның аты 1968 жылы Онассис пен АҚШ-тің бірінші ханымы Жаклин Кеннедидің үйлену тойы өткен жер ретінде әлемге жайылған болатын.

Аралды Онассистің немере қызы, жалғыз мұрагері Афина Руссель сатты.

Аралдың жаңа қожайыны ресейлік миллиардердің есімі әзірге құпия сақталып отыр. Скорпиос Ион теңізінде орналасқан. Арал қалың орманымен және құмды жағажайларымен ерекшеленеді.