НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көркем гимнастикадан Әлемнің және Еуропаның чемпионы гимнасшы Александра Семенова антидопингтік ережені бұзғаны үшін екі жылға спорттан шеттетілді. Бұл туралы Ресей антидопингтік агенттігі (РУСАДА) сайтында жазылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
21 жасар ресейлік спортшы қыздың шеттетілу мерзімі 2018 жылдың қарашасынан бастап есептелетін болды.
Семенова - 2014 жылғы әлем чемпионы, 2014 жылғы Еуропа чемпионатының топтық жарыстарында екі рет жеңімпаз атанды, сондай-ақ Еуропа чемпионатының күміс медаль иегері.