Ресейлік әнші Юрмаладағы «Жаңа толқын» байқауында жеңіске жетті
10:55, 30 Шілде 2012
АСТАНА. 30 шілде. ҚазАқпарат - Ресейлік әнші Niloo Юрмалада өткен Халықаралық ән байқауында жеңіске жетті.
Жүлдегерлер "Дзинтари" концерт залында «Жаңа толқын» ән-байқауының жабылуына арналған салтанатты рәсімде марапатталды.
Бірінші орын иегеріне «Хрустальды толқын» сыйлығы мен диплом және 50 мың еуро тапсырылды. Екінші орынға 30 мың еуро берілді. Оған Италияның жас орындаушысы Констанцо Дель Пинто ие болды. Үшінші орынды 20 мың еуро сомасында Украина елінің әншісі Мария Яремчук еншіледі, деп хабарлады Утро.ру.