Жүлдегерлер "Дзинтари" концерт залында «Жаңа толқын» ән-байқауының жабылуына арналған салтанатты рәсімде марапатталды.
Бірінші орын иегеріне «Хрустальды толқын» сыйлығы мен диплом және 50 мың еуро тапсырылды. Екінші орынға 30 мың еуро берілді. Оған Италияның жас орындаушысы Констанцо Дель Пинто ие болды. Үшінші орынды 20 мың еуро сомасында Украина елінің әншісі Мария Яремчук еншіледі, деп хабарлады Утро.ру.