2015 жылы Геннадий америкалық боксшы Кіші Вилли Монро мен британдық Мартин Мюрреймен жұдырықтасқан болатын. Бұл жекпе-жектерде жерлесіміз қарсыластарын тізе бүктірген еді. Бүгінде GGG - WBA/IBF/IBO/WBC (Interium) белдіктерінің иегері. Сондай-ақ мексикалық Сауль Альварестің еншісіндегі WBC белдігінің міндетті үміткері болып саналады. Егер аталған тартыста Головкин басым түссе, өзінің салмақ категориясында абсолютті чемпион атанады, деп жазады sports.kz.