Оның айтуынша, биылдың өзінде өзіне-өзі қол салу әрекеттерін қоспағанда, 350 балалар суициді тіркелген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 460 болған.
Маркин аталған көрсеткіштің бүкіләлемдік көрсеткіштен үш есе көп екенін айтуда. Ол әлеуметтік желілерде балаларды суицидке шақыратын парақшалардың бар екенін, мұндай үндеу үшін олардың ешқандай қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын ашына жеткізді. В.Мартин тек қана әкімшілік жауапкершіліктің бар екенін айтты, нәтижесінде біраз уақыт жабық тұрған сайт қайтадан ашылып, өзін-өзі өлтіруге шақыру жұмыстарын қайта жалғастырады.