Ресейлік балалардың жартысынан астамы уақытын үнемі Интернетте өткізеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Касперский зертханасы» ақпарат ғасырында балаларды тәрбиелеу тақырыбында зерттеу жүргізді деп хабарладыhttps://informing.ru.

Зерттеу нәтижелері ел балаларының жартысынан астамы, атап айтқанда, 56%-ы бос уақытын виртуальды әлемде өткізетін болып шықты.

Бұл әрине, Ресейдің ғана проблемасы емес. Мәселен, американдық балалардың 51 пайызы және еуропалық балалардың 40 пайызы уақытын осылайша өткізеді екен.

Әсіресе жас шамасы 8-10 жастағы балалардың компьютерге байланып отыруы ерекше қауіп тудыруда. Мұндай жастағы балалардың 40 пайызы интернеттен көзін алмайды. АҚШ-та да көрсеткіш осындай - 41 пайыз.

Ал Еуропада бұл көрсеткіш қуантады - Францияда бұл ждастағы балалардың 7 пайызы ғана интернетте отырады екен, Германияда 9 пайыз.

Балалар әсіресе әлеуметтік желілерде көп отырады. Екінші орында - онлайн-ойындар. Ал үшінші орында - бейнероликтер сақталатын сайттар.