Ресейлік байқаушы: Алматының сайлау учаскелерінде ешқандай заң бұзушылық тіркеген жоқ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматының сайлау учаскелерінде ешқандай заң бұзушылық тіркеген жоқ. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында Свердлов облысы заң шығару жиналысының өңірлік саясат және жергілікті басқаруды дамыту жөніндегі Комитетінің төрағасы Михаил Зубарев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикер сайлау күні Алматыда болған барлық 17 сайлау учаскесінде дауыс беру рәсімдері Қазақстан Республикасының Конституциясына және «Сайлау туралы» Заңына сай өткенін атап өтті.

«Барлық учаскелерде біздің миссиямыздан басқа да ұлттық байқаушылар мен кандидаттардың өкілдері көп болды. Мен олармен сөйлестім, олардың ешқайсысы ешқандай ескертулер тіркегенін айтты. Бұл сайлау процедурасы заңды дегенді білдіреді. Қазақстан тұрғындары осы сайлау науқанының нәтижелерін қабылдайтынына сенімдімін. Мен бақылаған учаскелерде ешқандай заңбұзушылықтар болған жоқ», - деді М.Зубарев.

Ол сондай-ақ миссиясының міндеті - Қазақстан Республикасы тұрғындарының ерік білдіру процесіне араласу емес, тек дауыс беруді қадағалау екенін атап өтті.

«Сайлау комиссиясының мүшелеріне, байқаушыларға және сайлаушыларға қандай да бір кеңестер беру біздің міндетіміз емес. Сайлау рәсімінің өзі - Қазақстан Республикасы тұрғындарының ішкі мәселесі. Халықаралық бақылаушылар миссиясының міндеті - дауыс беру процесінің заңдылығын растау. Сайлау процесі көп қырлы және қарапайым емес және бәрі оның қыр-сырын біле бермейді», - деді спикер.

М.Зубарев Алматының сайлау учаскелерінің жабдықталуына да тоқталды.

«Әр учаскеде көшпелі дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған және көптеген учаскелерде азаматтар осы құқықтарын пайдаланды», - деп қорытындылады спикер.