«Сайлау заңға және xалықаралық нормаларға сай өтіп жатыр. Барлық үдеріс тұрақтылық жағдайында өтуде және бұл өз кезегінде xалыққа өз таңдауын еркін жасауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті С.Марков.
Оның айтуынша, сайлау учаскелерінің азаматтарға ыңғайлы қашықтықта орналасқан. Сонымен қатар сайлаушыларды тіркеуге арналған ақпараттық орталықтар да тиімді жұмыс істеуде. Бұл xалықтың дауыс беру қолжетімділігін арттырады.
Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау барысын бақылауға 817 xалықаралық байқаушы мен 147 шетелдік БАҚ өкілдері келіп отыр.