Ресейлік белгілі саясаткер Б.Немцовтың өлтірілуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы белгілі саясаткер Борис Немцовтың өлтірілуі фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғады, деп жазады Би-би-си.

Ресейдің тергеу комитетінің Бас тергеу басқармасы Мәскеу орталығында саясаткер Борис Немцовтың өлтірілуіне байланысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркин. Атап айтқанда, «кісі өлтіру» және «заңсыз қару айналымы» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Алдын ала мәліметтер бойынша Борис Немцов Үлкен Мәскеу көпірімен жүріп келе жатқанында белгісіз қаскөй оған қарай 7-8 рет оқ атқан», - деді В.Маркин. Немцовқа қастандық жасалған сәтте оның жанында бір бойжеткен болған, тергеушілер қазіргі сәтте одан жауап алуда.