Жекпе-жек сенбі, 3 желтоқсан күні Мәскеудегі «Мегаспорт» аренасында өтті және ол бірінші раундта аяқталды. Индиго ресейлік боксшыны алғашқы 40 секундта нокаутқа жіберді. Трояновский чемпиондық белдіктерін қорғау үшін өз еркімен кездесулер өткізіп жүрген болатын. Бұған дейін ол өз атақтарын екі рет қорғай алды.
Бұл ресейлік спортшы үшін өз мансабындағы алғашқы жеңіліс. Ол 25 кездесудің 22-сін нокаутпен аяқтаған болатын. Намибиялық боксшы үшін бұл 21-інші кездесу, оның 11-ін нокаутпен жеңген.