Ресейлік боксшы Шүменовтен әлем чемпионы атағын алу үшін күреспек

Фото: None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік боксшы Максим Власов келесі жекпе-жегін танымал америкалық Антонио Тарверге қарсы өткізуі мүмкін.

Бұл туралы Власовтың менеджері Шамир Петросян мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат sports.kz-ға сілтеме жасап.

Сенбі күні Мәскеуде Власов Олимпиада чемпионы Рахим Чахкиевті техникалық нокаутпен жеңді, кездесу жетінші раундта аяқталды. Осылайша, Власов Дүниежүзілік бокс қауымдастығының  (WBA) бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионының атағы үшін ресми үміткер болды. Қазір ол атақты қазақстандық Бейбіт Шүменов алып жүр.

«Қазір біздің негізгі мақсатымыз - әлем чемпионы атағы үшін Бейбіт Шүменовпен жекпе-жек бойынша келіссөздерді бастау. Аралық жекпе-жек ретінде Антонио Тарвермен кездесуіміз өтуі мүмкін», - деді Петросян. Тарвер Олимпиада ойындарының «күміс» жүлдегері. Сондай-ақ ол орташа ауыр және бірінші ауыр салмақта кәсіпқой боксшылардың әлем чемпионы болған. 

Соңғы жаңалықтар