Ресейлік дәрігерлер ерекше ота жасап, саусағынан айырылған қызға көмектеспек

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік ғалымдар адамның саусағын қалпына келтіру тәжірибесін жасауға бел буды, деп жазады ресейлік БАҚ.

Профессор, медицина ғылымдарының докторы Александр Тепляшин бастаған ресейлік ғалымдар тобы ерекше ота жасау арқылы бала кезінде саусақтарын қырқып алған қыздың саусақтарын қалыпқа келтірмек.

25 жастағы Анна сұқ саусағы қысқа болғандықтан, бұл отаға келіскен.

Мамандар қыздан алынған жасушалар негізінде жетіспейтін саусақ сүйектерін өсіріп, оны жалғамақ.

Тепляшиннің сөзіне қарағанда, осыған дейін мұны жасау ешкімнің қолынан келмеді. Ресейлік ғалымдар жануарларға осындай ота жасаған. Барлығы сәтті аяқталған көрінеді.

Қазір ғалымдар Анна үшін демеушілерді іздеп жатыр.