Ресейлік екі азамат Қазақстаннан 1,7 млн. теңгенің арағын заңсыз әкетпек болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік екі азамат Қазақстаннан 1,7 млн. теңгенің арағын заңсыз әкетпек болды, деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Бірінші жағдайда Ресей Федерациясының 23 жасар азаматы «ГАЗель» автомобилімен Қазақстаннан Ресейге жалпы салмағы 780 литр арақты алып бара жатты.

Жүк 130 жәшікке бөлініп салынған, бағалау құны 500 000 теңге.

Екінші жағдайда Ресейдің 35 жастағы азаматы осындай контрабандалық жүкпен Қазақстаннан «Мерседес» автомобилімен жолға шыққан.

Ол бағалау құны 1 млн. 230 мың теңгеден астам 1230 литр арақты алып бара жатқан.

Ұсталу фактісі бойынша Мәртөк ауданының құқық қорғау органдары хабарланды. Тексеру жүргізілуде.