Ресейлік екі конькиші Қазақстан азаматтығын алды

Енді Кристина Силаева мен Елизавета Голубева Қазақстан атынан өнер көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шредингер спорты Telegram арнасына сілтеме жасап.

Photo: RIA Novosti / Alexey Filippov

Қос спортшы жарыстарға Қазақстан атынан тек 2025 жылы ғана қатыса алады, себебі азаматтықты ауыстырғаннан кейін 24 айға шектеу қойылған.

Голубева – көпсайыстан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы, командалық спринттен Еуропа чемпионы, масс-старттан Ресей чемпионы.

Ал Силаева - 500 метр қашықтықта Ресей чемпионы.