ОРАЛ. ҚазАқпарат – Ресейлік фотограф Андрей Тюшин Батыс Қазақстан облысында табиғаттың таңғажайып құбылысына куә болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Андрей Тюшин Instagram парақшасында мәлім еткендей, оқиға 23 сәуірден 24-іне қараған түні болған.
«Поляр шұғыласы туралы айтқанда, біз бірден Исландия, Финляндия, Ресейдің қиыр солтүстігі туралы ойлаймыз. Қазақстанды еске алмаймыз. Бірақ 23 сәуірден 24-іне қараған түні жерде қуаты орасан магниттік дауыл тұрып, поляр шұғыласын Қазақстанға дейін жеткізді! Маған бүгін түнде Оралдың (БҚО) оңтүстігіне қарай 30 шақырым қашықта Қазақстан даласындағы бірегей көрініс – Аврора биін тамашалау бақыты бұйырды», - деп жазды Андрей Тюшин парақшасында.
Ресейлік фотограф демалыс алып, Батыс Қазақстан облысына келген.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).