Өйткені бүгінде әлемнің көптеген мемлекеттерінде орын алып отырған аймақтық, ұлтаралық, дінаралық қайшылықтардың басты себептерінің бірі аталмыш факторлардың бір-біріне шүйлігуі, бір-біріне төзе алмауы сияқты мәселелер болып отыр. Бұл туралы бүгін «Қазақстан: бірлік пен әралуандылық жолында» атты тақырыпта ғылыми-тәжірибелік конфереция барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, ұлтаралық, дінаралық бірлік мәселесіндегі қазақстандық тәжірибе қазір көптеген елдердің қызығушылығын тудырып отыр. Соңғы үш айдың ішінде біздің тәжірибемізбен танысып, зерттеп қайту үшін елімізге Франция, Норвегия, Ұлыбритания, АҚШ, ГФР, Финляндия, Қытай, Испания, Австрия сияқты елдерден көптеген қонақтар келіп кетті. «Осы орайда айта кету керек, бұл тек өз елдерінде бірлікті қамтамасыз етуге ерекше ұмтылып отырған мемлекеттердің ғана тізімі. Қазіргі таңда этносаралық және конфессияаралық келісім мәселесіне байланысты қазақстандық тәжірибе бойынша Мәскеу Мемлекеттік университетінде арнайы курс ұйымдастырылған. Бұл біздің ішкі бірлік мәселесінде ұстанып отырған саясатымызды Ресейдің ғалымдарының мойындап отырғандығының белгісі. Жыл соңына дейін біздің ғалымдар Ресейдің аталмыш жоғары оқу орнында жыл соңына дейін 36 сағат дәріс оқитын болады. Ал осыған дейін орыстардың өздерінің талап-тілектері бойынша дәрістер қазақ тілінде де оқылды», деді Е.Тоғжанов.
Оның айтуынша, ұлтаралық, этносаралық, дінаралық келісім мәселесі бізге әсіресе Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіміздің тұсында ерекше маңызды болмақ. «Сондықтан ол біздің миссиямыздың басты тақырыптарының біріне айналуы тиіс», деді Хатшылық меңгерушісі.