Бұл жаңалық көлік құралдарын құрастыру саласында жаңа мүмкіндіктер ашады. Ұшатын табақ алып болуы мүмкін. Оның ұзындығы ондаған және жүздеген километрге жете алады. Сонымен қатар ол бортына көп көлемде жүкті сыйдыра алады. Мәселен, диаметрі 400 километрлік табақ құрастырса, оның бортына жердің барлық тұрғынын сыйдыруға болады.
Сонымен қатар, ғалымдар бұл аппарат метеориттерді шегіндіріп, планеталарды, тіпті галактикаларды жылжыта алатынын айтады. Ұшатын табақты арнайы қарумен ғана құлатуға болады. Қозғалтқыштың жаңа жүйесі арқасында ұшатын табақпен белгілі бір жерге әдеттегіден тез жетуге болады. Мәселен Марсқа онымен бір айда ғана жетуге болады. Қазір бұл сапардың уақыты бір жылды құрайды.
Ғалымдар ұшатын табақтарды жақын арада шығара бастайтынын айтты. Өйткені оған РФ Қорғаныс министрлігі қызығушылық танытты. Бір ұшатын табақты жасау үшін шамамен үш жыл кетеді, деп жазады planet-today.ru.