Ресейлік ғарышкерлер мінген «Союз ТМА-18» кораблінің аппараты Арқалық қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 шақырым жерге қонады

None
СТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат - Ресейлік ғарышкерлер мінген «Союз ТМА-18» кораблінің аппараты Арқалық қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 шақырым жерге қонады, деп хабарлады Роскосмостың баспасөз қызметі.

«Ұшуларды басқару орталығы баллистикалық қызметінің есептік мәліметтері бойынша ресейлік ғарышкерлер Александр Скворцов, Михаил Корниенко және НАСА астронавы Трейси Колдвелл-Дайсон мінген «Союз ТМА-18» кораблінің аппараты Қазақстан аумағына Арқалық қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 шақырым жерге сағат 9-дан 22 минут кеткенде қонуы керек», делінген баспасөз хабарламасында.