Сондай-ақ, Ильгиз Валинуров бос жұмыс орындарын іздеп жүргендер арасында «Мен мінсіз үміткермін: арманыңдағы жұмысты қалай табуға болады?» атты шеберлік сыныбын өткізбек. Онда қатысушылар жұмысты іздеу жолдары, жұмыс берушіге ұнайтындай сапалы түйіндемені жасау амалдары, қажетті еңбекақы көлемімен келісу тетіктері сынды сан-салалы сұрақтарға жауап таба алады.
1 шілде күні «РостТренинг» компаниясы Валинуровтың қала кәсіпкерлері мен кадрлық қызметкерлер және HR-мамандарына арнап «Бюджетсіз рекрутинг» тренингін ұйымдастырады.