Алтай өңірі мен Алтай Республикасы бойынша Ресей ауыл шаруашылық бақылау басқармасы баспасөз қызметі 2017 жылдың 25 сәуірінде Қазақстан азаматының Рубцов ауданы аумағынан Өскемен қаласына 350 келі құрғақ сүт, ветеринарлық-ілеспе құжаттарынсыз 1,5 тонна мұздатылған балық (майшабақ, скумбрия, камбала) және фитосанитарлық сертификаты жоқ 3,2 тонна картоп алып өтпек болғанын хабарлады. Сыртқа тауар шығару қағидасын бұзғаны үшін жүк иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ресей ауыл шаруашылық бақылау басқармасының инспекторлары жүкті өткізуге тыйым салып, аталған азық-түлік өнімдерін экспортқа шығарудың тәртіптерін түсіндірді.
Сол күні жоғарыда аталған жүкті Третьяков ауданында Алтай өңірі мен Алтай Республикасы бойынша Ресей ауыл шаруашылығы бақылау басқармасының инспекторлары ұстады. Қазақстан азаматы қауіпсіздік туралы құжаттары жоқ азық-түлікті Алтай өңірінен Қазақстанға тағы да алып өтуге әрекеттенген. Жүк шекарадан өткізілмеді және құқық бұзушы тағы да әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Күмәнді азық-түлікті Ресей Фередациясынан Қазақстан Республикасына өткізуге жол бермеу шарасын Алтай өңірі бойынша Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі Шекара басқармасының қызметкерлері жүзеге асырды.
Фото: Алтай өңірі мен Алтай Республикасы бойынша Ресей ауыл шаруашылық бақылау басқармасы