Ресейлік қалыңдық Италиядан 500 мың еуроға той көйлегін сатып алмақ

АСТАНА. Итальяндық тігіншілер орыс қалыңдығы үшін әлемдегі ең қымбат той көйлегін тікті.

Гауһар, інжу мен жібектен тігілген оның бағасы - жарты миллион еуро. Осылайша ресейлік қалыңдық әлемдегі ең қымбат көйлекті киіп, тойын есте қаларлықтай етіп өткізуге бел байлаған көрінеді.

Той көйлегі Неапольдегі Tuttosposi көрмесі аясында таныстырылып, кейін Ресейге жіберіледі.