Сол хаттардың адресаттарының қатарында біраз қазақстандықтар да бар. Жақында ресейлік бағдарлама біздің елімізбен тікелей телекөпір ұйымдастыра бастады және осынау игі шара, бағдарлама аудиториясын сөзсіз кеңейте түсті.
«1941 жылдың оқылмаған хаттары» деп аталатын арнайы жобаның тарихы мынадай: жақында батыс елдері мұражайларының қорынан Украинаға 1941 жылы Каменец-Подольскіде немістер басып алған және кейіннен Австрияға шығарылған мыңдаған хаттар қайтарылды. Майдан даласынан жолданған хаттардың кейбіреулерінде пошта мөртабаны болса, кейбіреулеріне қойылып үлгермеген. «Фашистер мүмкін бір пошта бөлімін басып алды ма екен? Мүмкін эшалонды шабуылдаған болар? Әйтеуір, кім білсін, жауынгерлердің үйлеріне жетпей қалған осынау хаттар Австрияда мұражай қорларында 70 жылдай жатқан», дейді жоба авторлары.
Сондықтан да «Күт мені» бағдарламасы наурыздың 9-ы күні аталып өтетін Жеңіс мерекесіне дейін сол хаттар жазылған адресаттарды немесе олардың балаларын, немере-шөберелерін іздестіруде.
Міне солардың арасында біздің отандастарымыз да бар. «ҚазАқпарат» агенттігі 1941 жылы қазақстандық жауынгерлер майдан даласынан жазған, бірақ адресаттарға жетпеген 19 хаттың мекен-жайларының тізімін жариялап отыр.
|
АДРЕСАТ |
Хатты жазғандар |
|
Ақтөбе облысы, Жұрын ауданы, Омбы стансасы, Бақты-Өзен, № 16 Такеновке [Марабан] |
|
|
Ақтөбе облысы, Темір ауданы Грачивский с/с, "Путь к социализму" к/з О. Башкяновқа . |
Каражанов С. |
|
Алматы облысы, Талдықорған ауданы, Талдықорған с., Советская көш,, 141 Байрачный Ф. С. |
Қолданыстағы РККА, Оңтүстік-Батыс майдан, №290 пошта стансасы, 3 п/ж, № 19 Байр. |
|
Қарағанды қ., Дзержинский көшесі 50 Ларионов Петр Федоровичуке |
|
|
Петропавл қаласы, Октябрьская көш., 168-А А.В.Удачинаға. |
|
|
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қасық ауылы, Ж. .Еришбыловқа |
|
|
Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Успеновка с., Роза Люксембург ат. к/з, Окатай Исалиевке |
|
|
Батыс Қазақстан облысы, Жангелдин ауданы, Қарасамар с/с, Калинин атындағы к/з, А. Ахметқалиевке |
№ 453 дала пошта стансасы, 548-ші атқыштар полкы, 2-ші шабуылдаушы взвод Ахметқалиев Құмар |
|
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау уданығ, Шыңғырлау стансасы, Правдинский с/с, "Правда" к/з ., Д.Нияровқа |
Нияров К. |
|
Батыс Қазақстан облысы, Жоңқой ауданы, Адарған ауылы,, [Вагийт Модгитва] |
|
|
Қостанай облысы, Орджоникидзе ауданы, Адаево, Буденный к/з, Е.Г. Башовецке |
6 453 дала поштасы, , 255 Г.А.П. |
|
Қостанай облысы, Ұзынкөл ауданы, Н.-Покровский с/с,. Карл Маркс атындағы к/з, Р.Нұркинаға |
Доскенов М. |
|
Павлодар облысы, Бесқарағай ауданы, Долонь с., Степан Елистратовқа |
Фронт, Елистратов В. Ф. |
|
Павлодар облысы, [...],Новая Николаевка, Прасковья Дерепаскинаға |
|
|
Семей облысы, Үржар ауданы, Ленин атындағы к/з, Т Т[ане] Й.Батраковаға |
УССР, г. Каменец-Подольский, п/я 73/3 Осипов П. |
|
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Қызылорда көшесі, райпромкомбинат № 38, А[нипа] Айтурееваға |
Махмуд Б. |
|
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс стансасы, Шевченко көшесі, 24., Бижагит Алдияровқа |
УССР, г. Каменец-Подольский, п/я 201/4 Кожабеков |
|
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан стансасы, Киров атындағы маөта зауыты, №104, Өтепов Хамаға немесе Сейітжанға |
|
|
Оңтүстік Қазақстан облысы, Фрунзе ауданы, Сауран стансасы, Фрунзе атындағы к/з, Айтбан Ниязметовке |
УССР, г. Каменец-Подольский, п/я 201/1 Ниязметов Урушбай |