Грацта темiржолшылар австриялық «Штурмды» 2:1 есебiмен ұтты. Ресейлiктерге жалғыз голды 14-шi минутта Имре Сабич соқты, алайда 28-шi және 29-шы минуттарда Виктор Обинна мен Дмитрий Сычев көзге түсіп, командасын алға шығарды.
Бұдан сәл ғана бұрын Дублинде «Рубин» 3:0 есебімен «Шэмрок Роверстен» басым түсті. 3-ші минутта Обафеми Мартинс, 50-ші минутта Кристиан Нобоа гол соқса, ал он минуттан кейін Гекдениз Карадениз есепті еселей түсті.