деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл жоба бойынша сұрақ туындап отырғанына тоқталған ол, «егер АЭС-тегі электр энергиясына баға газбен істейтін стансыдан жоғары болса, оны салу қажет пе? Себебі Маңғыстау - ол газ өндіруші аймақ», деді министр.
С. Мыңбаев ұсынылып отырған АЭС-тегі электр энергияның жобалық бағасы бір кВт/сағатқа 8 центті құрайтынын айтып өтті.
Оның айтуынша, болашақта газ бағасы қазіргі кездегідей 30-50 доллар болмайды. «2018 жылға қарай АЭС-тің құрылысы аяқталған кезде газ электр энергиясына баға 10 центтен асып түседі. Яғни баға бойынша АЭС өтіп отыр», деді ол.
Қазіргі кезде ресейлік мердігер АЭС-тің құрылысы басталғанша электр энергия бағасы бойынша кепілдік бере ала ма деген сауал туындап отырғанын жеткізген министр, «2 миллиардтан астам қаржы салып, соңында электр энергияны бәсекеге қабілетті емес жоғары бағамен алуымыз мүмкін. Сол кезде кейінге шегінуге мүлдем кеш болады, себебі онда біз қомақты қаржыны жұмсап қоямыз», деді.
Оның айтуынша, қолда бар келісімнің жобасы бойынша мердігер осындай міндеттерді алып отырған жоқ. Ал онысыз ауқымды қаржыландыру шараларын жүргізуге болмайды. «Атап айтқанда, осы тұрғыда біз өзге салалардағы басқа инновациялық жобаларда кері мысалдарды келтіруге болады. Мәселен КазСат бойынша», деді С. Мыңбаев.
Министр АЭС құрылысында техникалық тәуекелдер бойынша қатаң кепілдіктердің болмауы екінші негізгі мәселе ретінде туындап отырғанын айтып өтті. «Бұл жаңа жоба. Ол бойынша жауапкершілік тек қазақстандық тарапқа ғана жүктелмеуі тиіс. Бұл жеткізушінің жауапкершілігі. Жобалық келісімде бұл да әзірге белгіленбеген», деді С. Мыңбаев. - Егер келіссөздер барасында бұл мәселелер шешілсе, онда жобаны жылжытуға болады.