Ресейлік министр Сергей Лавров «ЕҰУ-дың құрметті профессоры» атанды

АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа «ЕҰУ-дың құрметті профессоры» ғылыми атағын салтанатты түрде табыс етті.

Атап айтқанда, ресейлік диломат университет студенттеріне дәріс оқыды. Сонымен қатар С. Лавров Сирия мәселесі бойынша, G-20 аясында және Дүниежүзілік сауда ұйымының Ресей үшін қаншалықты тиімді болғаны туралы сауалдарға жауап берді.

Қазіргі таңда Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ білім және ғылым саласында келісілген шарттар аясында Ресейдің 33 жоғары оқу орындарымен қарым-қатынас орнатты.