Қытайлықтар Антарктикада тұрып қалған ресейлік «Академик Шокальский» мұзжарғыш кемесінен 52 жолаушыны құтқарды. Алайда, кейін белгілі болғандай, «Сюэлун» бортындағы экипаж мүшелерімен қосқанда 101 жолаушысымен бірге өзі табиғаттың тылсым мінезінің қамауында қалды.
Қос кеме де мұз құрсауынан 7 қаңтарға қарай шығарылады деп күтілуде.