Шетелдік БАҚ-тың мәліметінше, сонымен қатар Каспаров ресейлік азаматтықты сақтап қалғысы келетінін алға тартуда.
Атап айтқанда, Сейм Латвия алдындағы ерекше еңбегі үшін азаматтықты беру құқығына ие.
Биылғы маусымда Женевада саяси қайраткер Гарри Каспаров ресейлік билік тарапының қуғынынан қорқып, еліне оралудан бас тартып отырғандығын мәлімдеген болатын.
«Саяси белсенділердің қызметтеріне тексерудің жалғасуы маған да тиетіндігі түсінікті. Менің Мәскеуге оралғаннан кейін қайта кері шыға алатындығыма сенімім аз. Сондықтан да біраз уақыт Ресейге оралудан бас тарта тұрамын», - деді ол.