Жол-көлік оқиғасы кеше кешке Алматы - Екатеринбург тас жолында болды.
«Тас жолдың 390 шақырымында «Toyota Estima» маркалы шағын автобус пен «Toyota сorolla» жеңіл көлігі соқтығысты. Соның салдарынан 5 адам зардап шекті. Барлығы Қарабалық орталық аудандық ауруханасына жеткізілді», - деп хабарлады ТЖД-дан.
Белгілі болғандай, жол апатынан ресейлік отбасы мен 1981 жылғы Қырғызстан азаматы жарақат алған.