Облыстық ІІД қызметкерлерінен құрылған жедел тергеу тобы күдіктіні анықтады. Ол сол уақытта Қазақстанда қонақта жүрген 1964 жылғы Ресей Федерациясының азаматы болып шықты. Адам өлтірген соң ол Қазақстаннан шығып кеткен.
11 жыл өткен соң Алматы облысы полицейлерінің тұспалдауымен көрші мемлекеттің құқық қорғаушылары іздеудегі адамның Воронеж облысында тұратынын анықтады.
Қазіргі кезде Минск конвенциясына сәйкес қылмыстық қудалауды жалғастыру мәселесі шешілуде.